«Дені сау ұлт» жобасы: өлім-жітім 15,5 пайызға төмендеді
«Дені сау ұлт» жобасының арқасында өлім-жітім 15,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылдың 7 айында ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 21,4, қатерлі ісіктерден 8,7, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 23 және туберкулезден 12 пайызға, халықтың жалпы өлім-жітімінің 15,5 пайызға төмендеді, - деді министр «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері жайында баяндай келе.
Оның атап өтуінше, 2021 жылдың қорытындысында ұлттық жобаның барлық іс-шаралары орындалып, көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.
Жамбыл, Павлодар, Алматы облыстары мен Астана қаласында іс-шаралардың ең көп орындалуы және көрсеткіштерге қол жеткізуі байқалады. Ұлттық жоба өткен жылдың күзінде бекітілгенін және 2021 жылы іске асыру қысқа мерзімде жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Сондықтан бірқатар өңірлер жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмады. Соған байланысты өңірлердің басшыларынан көрсеткіштерге қол жеткізуді және 2022 жылғы іс-шаралардың орындалмауына жол бермеуді сұраймын, - деді Ажар Ғиният.