00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәрігер кеңесі: күнге қалай дұрыс қыздырыну керек

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Дәрігер кеңесі: күнге қалай дұрыс қыздырыну керек

Күн сәулесінен бұлтты күндері де сақтану керек. Дәрігер таңертең 7:00-ден 10:00-ге дейін немесе түстен кейін 17:00-ден 19:00-ге дейін күнге қыздырыну жөнінде кеңес берді.

«Күннің сәулесін ұнататындар жағымсыз салдарының алдын алу үшін біртіндеп қыздырыну керек: алғашқы күндері 5-10 минуттан бастаңыз, содан кейін күн сайын уақытын 10-15 минутқа көбейтіп, бір сағатқа жеткізіңіз», – дейді дәрігер.

Күнге қыздырынудың да пайдасы бар. Ультракүлгін сәулеге дайындау үшін теріні алдын ала тазарту қажет. Міне осыдан кейін терінің түсі де біркелкі реңге өзгереді. Дәрігерлер әдетте тамақ ішкеннен кейін 30-40 минуттан кейін ғана күнге қыздырынуды кеңес етеді. Ал аш күйде күннің астында жүру зиянды!

Жұлдыз Түрембаева құрамында бета-каротин мөлшері жоғары пайдалы тағам түрлерін де кеңес берді, бұл меланинді ұлғайтуға, яғни күнге жақсырақ қыздырынуға мүмкіндік береді:

- асқабақ, сәбіз, шпинат, салат, романо салаты, кале капустасы, қызанақ, қызыл бұрыш, брокколи, грейпфрут, қара өрік, шабдалы, қауын, өрік, құрма, көкжидек, қарақат.
Жағажайда теріні қорғау үшін SPF деңгейі кем дегенде 30 болатын жоғары күн қорғанысы бар кремді қолданған жөн, дейді дәрігер.