Қандағы қант мөлшерін ұлғайтатын азық-түліктер
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Дәрігердің айтуынша, гликемиялық индексі неғұрлым жоғары болса, олар ағзадағы қант деңгейін де соғұрлым жылдам арттырады.
Гликемиялық индексі жоғары азық-түлікті үнемі жеу зат айналымын бұзады, аштық сезімін тудырады және майдың жиналуын күшейтеді. Сонымен қатар мұндай тағам 2 типтегі қант диабетіне шалдықтыруы ықтимал, - деді дәрігер.
70 бірліктен жоғары индекс тәтті тағамдарға, бидай ұнынан дайындалған нан өнімдеріне, күрішке, картопқа, кеспеге, жылдам дайындалатын ботқаға, газдалған сусындарға тән болады. Бұл топқа қарбыз, қауын мен сәбіз секілді жеміс пен көкөніс те кіреді.
Бірқатар жарма, бұршақ тұқымдастар, кейбір көкөніс, жидек пен тәтті емес жемістердің гликемиялық индексі төмен болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:09
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады