«Елордада «омикрон» штамы тіркелді»: Мамандар тұрғындарды вакцина алуға шақыруда
Қалалық Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева індеттің бетін тек белсенді вакциналау шарасы ғана қайтаратынын айтты.
Жалпы, елдегі жағдай күрделене түсті. Вакцинация үлкен ағынмен жүріп жатқан жоқ. Бірақ кез-келген жағдайда вакциналау және қайта вакциналау қажет. Себебі бүгінгі таңда жалғыз қорғаныс вакцинация және ревакцинация болып қала береді. Неғұрлым көбірек вакцина алсақ, індетті тезірек жеңу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», - деді департамент өкілі қала тұрғындарына. Оның айтуына қарағанда, «омикрон» дельта-штамға қарағанда 70 есе жылдам тарайды. «Ең бірінші тамақ аурудан басталады. Дене қызуы көтеріледі. Тағы бір ерекшелігі – адам тез арада шаршап, жатып қалады. Егер таңертең оянғанда өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шығудың қажеті жоқ. Егер сіз науқаспен байланыста болғаныңызды ұқсаңыз, дәрігерге баруыңыз керек. Вирусты таратпау маңызды. Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, бес күннің ішінде қалада аурушаңдық өссе, шектеулер қабылданады, - деді ол.