Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 28 қазан мен 3 қарашасны қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
- «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
- «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
- Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі;
- «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.