Мектеп оқушылары FIDA дрон-соккер әлем чемпионатына қатысып жатыр

Бүгін, 14:32
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views37
Мектеп оқушылары FIDA дрон-соккер әлем чемпионатына қатысып жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында тарихтағы алғашқы FIDA дрон-соккер әлем чемпионаты өтуде. Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Алғаш рет Қазақстан өз ұлттық делегациясын ұсынды. Оның құрамына елордадан үш команда кірді:
• №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,
• №8 мектеп-лицейі,
• SKILLSET мектебі.

Жалпы чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам қатысушы жол тартты.

Drone Soccer – заманауи спорт түрі, ол дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік шығармашылықты және командалық жұмысты ұштастырады.

Қазақстандық оқушылардың әлемдік чемпионатқа қатысуы – STEM-білім мен жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен насихаттауға жасалған маңызды қадам.