00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Дарынды оқушылар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқи алады

23 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Дарынды оқушылар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқи алады
Фото: bolashak.gov.kz

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын мақұлдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Заңның мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесін нығайту, баланың құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Аталған құжатпен «Мәдениет туралы» ҚР Заңына қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе ретінде Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құруды, қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларының мәтіндерін қамтитын ақпараттық-анықтамалық жүйе ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусын құруды, қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау үшін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін ауқымды тіл моделін қалыптастыруды көздейтін түзетулер енгізіледі.

«Білім туралы» ҚР Заңында дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру жөніндегі норма көзделеді», - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.

Заңның қабылдануы мемлекеттің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі саясатын іске асыруға және білім беру салаларындағы заңнаманың сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.