00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

11 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
Фото: дереккөз

Бангкок қаласында жасөспірімдер арасындағы 20-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO-2023) өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info

Олимпиадаға әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысты. 

Олимпиада үш турдан тұрды: тестілеу, теориялық және эксперименттік. Әр турда физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды.

20-шы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола медаль иегерлері:

Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9-сынып оқушысы;

Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8-сынып оқушысы;

Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;

Дария Бектұрсын, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы;

Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Иван Рудик, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы.