Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты өтеді

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты  өтеді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника және дрондар чемпионаты Алматыда өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ол 20-23 ақпан күндері «Атакент» орталығында болады.

Биыл робототехника чемпионатының тақырыбы су ресурстары мен суасты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесіне арналмақ.

Оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық стартаптарын төрт санаттық жас бойынша ұсынады: • FIRST LEGO League Discover (4-6 жас) • FIRST LEGO League Explore (6-10 жас) • FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас) • FIRST Tech Challenge (12-18 жас)

Командалар АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында өтетін әлемдік кезеңде ел намысын қорғау үшін бақ сынайды.

Дрондар чемпионаты төрт бағытта өтеді: • ASPAN Drone Competition — дрондарды бағдарламалау және басқару; • ASPAN Cyber Competition — VelociDrone симуляторындағы виртуалды жарыстар; • ASPAN Drone Race — FPV (First Person View) дрондар жарысы.

Жеңімпаздар Оңтүстік Корея, Еуропаның бірнеше елдері, Қытай және Түркиядағы чемпионаттарда Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Қазақстан өткен жылдың қазан айында Афинада өткен жарыста 190 елдің ішінде үш дүркін әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқан болатын.