00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҰБТ-2022: Тестілеу нәтижелеріне талдау жасалды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҰБТ-2022: Тестілеу нәтижелеріне талдау жасалды

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-2022 нәтижелеріне талдау жасады, деп хабарлады Elorda.info. 

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-арнасы жазды.  

Талдау жұмыстары мектептер, ауылдар, аудандар және облыстар бөлінісінде жүзеге асырылған.

Бұл ретте ҰТО мамандары тестіленушілердің гендерлік бөлінісі, тапсыру тілі және ҰБТ пәндері бойынша дұрыс жауаптарының саны мен пайызын да анықтап отыр.

Жалпы дұрыс жауаптардың үлесі 58%-ды құрады. Түлектер "Оқу сауаттылығы" пәні бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті, яғни сұрақтардың 82%-на дұрыс жауап берді. Одан кейінгі орындарда «Қазақ тілі» 64% және «Қазақ әдебиеті» 60% пәндері болды. «Физика» және «Химия» пәндері бойынша ең аз дұрыс жауаптар анықталды, тиісінше көрсеткіштер 40% және 38%-ды құрады. Егер гендерлік талдауды қарасақ, онда қыздардың (59%) нәтижелері ұлдарға (57%) қарағанда жақсырақ болды, - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.