00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ЖОО-ларға жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі – Аймағамбетов

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЖОО-ларға жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі – Аймағамбетов

Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыты бойынша кадрларды дайындай алады. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша жеке лицензия алу міндетті болады», - деді министр.

Сондай-ақ халықаралық пәндік олимпиада, халықаралық орындаушылар конкурсы мен спорттық жарыс жеңімпаздарына ЖОО-да тегін білім алуға грант беріледі.

Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық негізінде.