00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Университеттер өз түлектерінің 70%-ын жұмысқа тұрғызуға міндеттеледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Университеттер өз түлектерінің 70%-ын жұмысқа тұрғызуға міндеттеледі

Жоғары оқу орындарының жанынан түлектерді жұмысқа орналастырумен айналысатын мансап орталықтарын ашуды тапсырамын. Біздің мақсатымыз – кем дегенде түлектердің 70 пайызын жұмысқа тұрғызу, - деді вице-Премьер.

Сондай-ақ ол «Бақытты отбасы» жобасын бүкіл өңірлерге таратуды тапсырды.

«Бақытты отбасы» жобасын көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған аналарды қолдау және жетектеу орталығы ретінде дамытуды тапсырамын. Мұндай жобалар қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Қарағанды облыстарында іске асырылып жатыр. Соның басын біріктіріп, мұқият қарастыру керек. Орташа есеп жасап көрдік. Бұл бізге жыл сайын бкіүл өңірлерде 20 мың көпбалалы ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, - деді Ералы Тоғжанов.