Алтын медаль – 4,5 млн теңге: Олимпиада жүлдегерлерінің сыйақы мөлшері белгілі болды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.
Бастысы біз халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог- жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді қарастырдық. Алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр, – деді ол.
Яғни алтын медаль алған жеңімпазға 4 594 500 теңге беріледі.
Күміс медаль алған оқушы 3 млн 63 мың теңге, ал қола медаль болса, 1 млн 531 мың теңгеге ие болады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3063 теңгеге тең.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:29
Білім беру ұйымдарында PISA-2024 зерттеуі басталды
Бүгін, 11:34
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты