Жүк пойызынан 212 млн теңгенің затын ұрлаған қылмыстық топ мүшелері сотталды
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарынан құралған алты адамнан тұратын қылмыстық топ жүк пойызының контейнерлерінен 212 миллион теңгенің затын ұрлаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Олар 2025 жылғы сәуір айында ұсталды. Тергеу барысында олардың 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы сәуірге дейін «ҚХР-Еуропа» халықаралық бағытындағы пойыздардан жүк ұрлап келгені анықталды. Ұрланған заттардың ішінде бейнебақылау камерасы, бала арбасы және көлік бөлшектері болған.
Қылмыстық топтың мүшелері материалдық шығынды толық өтеді.
Олардың төрт ұрлыққа қатысы барлығы дәлелденіп сот шешімімен әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Еске салсақ, Талдықорғанда интернет алаяқтар ұрлаған 850 мың теңге иесіне қайтарылды.