ЖИ мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтайды
Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мемлекеттік сатып алудағы рейтингтік-балдық жүйеге тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, рейтингтік-балдық жүйе бойынша былтырдан бастап құрылыс, жобалау және техникалық қадағалау жұмыстары сатып алынады. Жеңімпаз бес күнде анықталады.
«Бұл жүйеде конкурстық комиссия болмайды, жеңімпаз белгілі бір критерийлер бойынша автоматты түрде таңдалады. Атап айтқанда, әлеуетті өнім берушінің төлеген салықтары, оның белгілі бір аумақта тіркелгені туралы ақпарат, оның жыл сайынғы аудит бойынша қорытындылары және басқа да көрсеткіштері қаралады. Басты жаңашылдық – РБЖ-ның қорытындыларына ешқандай шағымдар түспейді, себебі бұл автоманттандырылған жүйе әрі ЖИ элементтері бар», - деді Дәурен Кеңбейіл.
Еске сала кетсек, Nobel компаниясы Қазақстанда 40 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салады.