05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жазушы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жазушы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жақұт жырдың жауһары» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара қаламгердің шығармалары мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Кешке зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер, әскери бөлім сарбаздары және Түркі дүниесі Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пен ақынның қызы Гаухар Шаңғытбаева қатысты.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және отбасы мұрағатынан алынған фотокөрме ұйымдастырылды.

Қуандық Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат» атты кітабын ақынның отбасы кітапхана қорына және қонақтарға сыйға тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗