04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбылдық блогер көшеде жарнама түсіремін деп 10 тәулікке қамауға алынды

|
Photo: Фото: Ішкі істер министрлігінің ресми сайты
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбылдық блогер көшеде жарнама түсіремін деп 10 тәулікке қамауға алынды

|
Photo: Фото: Ішкі істер министрлігінің ресми сайты

Жамбылда қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды.

«Болашақ көрермендердің назарын аударуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан», - делінген министрліктің хабарламасында.

Полиция блогерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсірді деген блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗