Жауапкершілік пен сенім

20 желтоқсан, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Жауапкершілік пен сенім
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Сыбайлас жемқорлық — бұл жай ғана құқық бұзушылық немесе қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану емес. Бұл азаматтардың мемлекетке деген сенімін әлсірететін, билік институттарын күйрететін және қоғамның дамуын тежейтін құбылыс. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Астана қаласы әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі.

Бүгінгі таңда тек сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау мен жазалау туралы ғана емес, сондай-ақ «сыбайлас жемқорлық философиясы» деп аталатын құбылысты – жеке пайда заңнан жоғары қойылып, мемлекетке қызмет ету артықшылық іздеумен алмастырылатын қате ұстанымдар мен ақтаулар жүйесін жою туралы айту маңызды. Мұндай философия заманауи мемлекеттік қызметтің қағидаттарымен үйлеспейді.

Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік. Әрбір мемлекеттік қызметші «лауазым иесі» ретінде емес, адамдар үшін және қоғамдық мүдделер жолында қызмет ететінін түсінуі тиіс.

Осыған байланысты біздің жұмысымыздың басым бағыттары мыналар болып табылады:

- қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыру;

- мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және адами факторды барынша азайту;

- елорда тұрғындарымен ашық диалог жүргізу;

- сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;

- мемлекеттік аппарат ішінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

Біз қоғамдық бақылау тетіктерін жүйелі түрде енгізіп, халықпен кері байланысты дамытып, ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі комплаенс-рәсімдерді күшейтеміз. Әрбір астаналық өз өтінішінің объективті түрде қаралатынын және шешімнің заң шеңберінде қатаң қабылданатынын түсінуі біз үшін маңызды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ерекше маңызға ие. Ол құқықтық мәдениетті тәрбиелеуден, заңды құрметтеуден және «келісімдер» мен «бейресми шешімдердің» тоқырау мен әлеуметтік әділетсіздікке апарар тура жол екенін түсінуден басталады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес ойлауды өзгертпей мүмкін емес – бұл жүйенің ішінде де, жалпы қоғамда да қажет.

Елорда ашық әрі адал басқарудың үлгісі болуы тиіс. Біз Астана қаласы әкімдігі кәсібилікпен, заңдылықпен және қалаға қызмет етумен байланыстырылуын мақсат етеміз. Билік пен қоғам арасындағы өзара сенім болғанда ғана тұрақты даму, жайлы қалалық орта және азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімі мүмкін болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл бір реттік науқан да, формалдылық та емес. Бұл – күнделікті жұмыс, әрбір басшы мен әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі. Бұл істе ымыраға орын жоқ.

Астана қаласында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл жұмыстары Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынан басталып, Қазақ­стан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырым­да­масы шеңберінде жалғасуда.

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің 115 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және «Documentolog» ақпараттық жүйесінде 654 мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн оқыту курсынан өтті.

Қаланың квазимемлекеттік секторының төрт объектісі ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» халықаралық стандартына сәйкестігін растады («Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты», «Астана орманы», «Астана-энергия», «№ 1 Автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шеңберінде квазимемлекеттік секторда оң кейстер қалыптастырылды.

Бұдан бөлек, Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөнінде Астана қаласы бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін 2,5 мың адамды қамти отырып, әртүрлі форматтағы 125 іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстарында мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөл төзімділік» қағидаты мен парасаттылық негіздерін қалыптастыру бойынша ұжымдарда алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу тапсырылды.

Барлық 173 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде елорданың барлық аудандық әкімдіктері фронт-офис форматына көшті және ашық әкімдік режимінде жұмыс істеуде.

Қорытындылай келе, азаматтардың, бизнес-қоғамдастықтың және мемлекеттік аппараттың күш-жігерін біріктіру арқылы біз өміріміздің кез келген саласында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресе алатынымызды және парасатты қоғамға сенімді қадам жасайтынымызды атап өткім келеді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және қатаң бақылауда!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Астана қаласының әкімі