Жастардың талабы мен құштарлығы қуантады: Ғабит Мүсіреп тіл болашағы туралы

Жастардың талабы мен құштарлығы қуантады: Ғабит Мүсіреп тіл болашағы туралы
Фото: «Egemen Qazaqstan»

Бүгінде жастардың қазақ тіліне деген көзқарасы өзгеріп, мемлекеттік тілді батыл насихаттайтын жаңа буын қалыптасып келеді. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы, қаламгер Ғабит Мүсіреп айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның сөзінше, қазіргі жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы мен белсенділігі қуантарлықтай деңгейде.

«Шүкір, қазіргі жастар бұрынғыдай емес. Қазір батыл сөйлейді. Бір қуантарлығы қазақ жастары ғана емес, еліміздегі өзге этнос өкілдерінің жастары да мемлекеттік тілді насихаттауға белсенді қатысып жүр. Мұны әлеуметтік желіден, YouTube арналарынан да көріп, қуанамыз», – деді Ғабит Мүсіреп.

Қаламгер жастарға артылған сенімнің зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту де өскелең ұрпаққа байланысты.

«Жастар – болашақ. Сондықтан мемлекеттік тілдің де болашағы айқын деп қуанамыз. Жастардың талабы мен құштарлығы өте қуантады. Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту де жастарға байланысты. Сол себепті олардың болашағына үлкен сеніммен қараймыз», – деді ол.

Ғабит Мүсіреп жастардың мерейі әрдайым үстем болып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы тілдері күніне орай қаламгерлер арасында елордада қаламгерлер арасында дәстүрлі «Сөз бен сана» бильярд турнирі өтіп жатыр