13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Заң мен тәртіп мектептен басталады: елордалық оқушылар арасында байқау өтіп жатыр

|
Photo: Астана прокуратурасы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Заң мен тәртіп мектептен басталады: елордалық оқушылар арасында байқау өтіп жатыр

|
Photo: Астана прокуратурасы

Қоғамда «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында қала прокуратурасы қала әкімдігімен бірлесіп, оқушылар арасында құқықтық ағартушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін №97 мектеп-гимназиясында балалардың құқықтық ойлауын, заң мен қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған байқаудың алғашқы кезеңі өтті.

Іс-шара барысында оқушылар интерактивті тапсырмаларға қатысып, өмірдегі нақты жағдайларды талқылады және заң шеңберінде әрекет етуге қатысты практикалық білім алды.

Аталған жұмыс елорданың барлық мектебінде басталып, өскелең ұрпақтың заң мен тәртіпке құрметпен қарауын қалыптастыруды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗