VietJetQazaqstan әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті
4 шілде, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
VietJetQazaqstan (бұрынғы Qazaq Air) әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, рейстердің кешігуі мүмүкін екенін ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«VietJetQazaqstan (Qazaq Air) әуекомпаниясы 2025 жылғы 4 шілдеде рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлайды.
Рейстер туралы ақпарат әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректер бойынша жолаушыларға SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Комания өкілдері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, әуекомпаниясы үшін жолаушылардың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады.
Ұқсас жаңалықтар
28 тамыз, 2026
Елде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 8,5 мың шақырымы жөнделді
27 тамыз, 2026
Баспананы өзіңіз таңдайсыз: Ауылдағы үй кезегіне жаңа тетік енгізілді
27 тамыз, 2026
Алматы – Ташкент бағытындағы пойызда «Әйелдер вагоны» іске қосылады
26 тамыз, 2026
Ақылы жолдан тоқтамай өтуге болады: «ҚазАвтоЖол» жаңа мүмкіндік ұсынды