19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Валюта бағамы еркін бағаны белгілеу жағдайында қалыптаса береді – Тимур Сүлейменов

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Валюта бағамы еркін бағаны белгілеу жағдайында қалыптаса береді – Тимур Сүлейменов

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Валюталық саясатқа келетін болсақ, ішкі нарықтағы валюта бағамы фундаментальдық факторлардың валютаға сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасының әсерімен еркін бағаны белгілеу жағдайында қалыптаса береді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ұлттық банк ұлттық валютаны тұрақсыздандыратын спекулятивтік ауытқуларды және қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін болдырмау үшін қатаң әрі жедел түрде нақты әрекет жасауға, яғни валюталық интервенцияларды жүйелі жүргізуге дайын. Сонымен қатар Ұлттық банк квазимемлекеттік сектор субъектілері валюта нарығын басқару үшін олардың валюталық операцияларын Үкіметпен бірге үйлестіріп отырады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ ол мемлекеттік бағалы қарыздарының ішкі нарығын дамыту мақсатында мемлекетік қарызды басқару лид-менеджменттік кеңсесі құрылғанын атап өтті.

«Ол кеңсе қарызды басқару саясатын жетілдіру бойынша стратегиялық функцияларды орындайды. Сонымен қатар ақпарат жинау, қарыздың тұрақтылығын талдау, шешімдер дайындау операциялық міндеттерін де орындайды. Мемлекеттік қарызды тиімді басқару мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуына және кірістілік кестесін қалыптастыруға ықпал етеді, ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігін күшейтеді», - деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің ақша-кредит саясаты теңгеге деген сенімді нығайтуға бағытталатынын айтқанын жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗