Үстел теннисінен әлем чемпионатының фирмалық стилін әзірлеуге арналған байқау жарияланды
Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» бірлесіп ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 чемпионатының ресми тоқыма өнімдері мен фирмалық стилін әзірлеуге арналған республикалық байқауды жариялайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды. Осы тарихи оқиғаның бір бөлшегіне айналып, еліміздің заманауи келбетін әлемге танытатын бірегей дизайн жасауға отандық дизайнерлерді, тоқыма брендтерін және өндірістік компанияларды шақырамыз.
Бірлесіп әзірленеді:
* ұйымдастырушылардың ресми киім үлгісін;
* Astana 2027 ресми мерч коллекциясын;
* Neo Nomad Kazakhstan стилін - ұлттық дәстүрді заманауи көзқараспен ұштастырған Қазақстанның жаңа бейнесін.
Жеңімпаздарға:
* Astana 2027 ресми тоқыма серіктесі мәртебесі;
* чемпионаттың ресми ақпараттық алаңдарында кеңінен насихатталу;
* әлем чемпионаты кезінде өз өнімдерін ұсыну және сату мүмкіндігі беріледі.
Өтінімдер 2026 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.
Портфолиоңызды, өтініміңізді және компания туралы ақпаратты info@astana2027.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
