04.12.2025
RU
Мәзір

Ұлттық ұлан ерлер хоры домбыраның сүйемелдеуімен Linkin Park хитін орындады

|
Ұлттық ұлан ерлер хоры домбыраның сүйемелдеуімен Linkin Park хитін орындады
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблінің ерлер хоры аңызға айналған Linkin Park — Numb композициясының ерекше интерпретациясымен көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйгілі рок-хиттің домбыра үнімен шырқалуы оған жаңа леп, ерекше дыбыс берді. Соған қарамастан, эмоциялардың тереңдігі мен танымал әуеннің түпнұсқалық ерекшелігін сақтап қалды.

Орындаудың видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, көп қаралып, мыңдаған жағымды пікірлер жиналып отыр. Пайдаланушылар рок пен ұлттық аспаптың үйлесімі күтпеген жаңалық болғанын, алайда өте эмоционалды және атмосфералы шыққанын жарыса жазуда.

Айта кету керек, 2003 жылы шыққан Numb композициясы — Linkin Park тобының ең танымал хиттерінің бірі болды. Ол — 2003-2004 жылдары Billboard Alternative Songs чартында алты апта бойы көш бастаған және 2,5 миллиардтан астам қаралымға ие YouTube-тағы ең көп қаралған рок-клип.

«Хор Астанада құрылған және 2016 жылдан бері көрерменді қуантып келеді. Біздің ұжым әлеуметтік желілерде, соның ішінде 114 мыңнан астам жазылушысы бар TikTok платформасында өз шығармашылығын белсенді паш етеді», - дейді хор жетекшісі Бауыржан Алтынбеков.

Әртістер ұлттық музыкалық дәстүрлерді дамытып қана қоймай, заманауи жанрлармен батыл тәжірибе жасап, көрермендерді жаңа музыкалық эксперименттерімен таң қалдырып жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗