Ұлттық тасымалдаушы жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды

Бүгін, 16:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ұлттық тасымалдаушы жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды
Фото: ҚТЖ

Жазғы демалыс маусымында ұлттық тасымалдаушы Бурабай курорты бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Табиғаты көркем өңір жыл сайын ішкі туризмнің ең сұранысқа ие бағыттарының бірі ретінде мыңдаған демалушыны қабылдайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жолаушылардың қатынауын қамтамасыз ету мақсатында Бурабай курорты станциясында түрлі санаттағы 10 жолаушылар пойызы аялдайды. Олар курорттық аймақты еліміздің ірі қалаларымен және өңірлерімен байланыстырады.

Бурабай бағыты бойынша келесі пойыздар қатынайды:
1. №47/48 «Нұрлы жол – Атырау» – күнара;
2. ⁠№83/84 «Қарағанды – Мәскеу» – аптасына екі рет
3. ⁠№105/106 «Алматы – Петропавл» (Talgo) – күнара;
4. ⁠№113/114 «Алматы – Қазан» – аптасына бір рет;
5. ⁠№139/140 «Павлодар – Пресногорьковская» – күнара
6. ⁠№145/146 «Нұрлы жол – Омбы» – аптасына үш рет;
7. ⁠№323/627 «Нұрлы жол – Петропавл/Қызылту» – күнара;
8. ⁠№887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» – аптасына бес рет;
9. ⁠№6829/6830 «Сороковая – Көкшетау» – күн сайын;
10. ⁠№7507/7508 «Нұрлы жол – Көкшетау» – күн сайын.

Жолаушылар пойыздарына билет сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады және жөнелтуге 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал қала маңындағы пойыздарға билет 10 тәулік бұрын сатылымға шығып, пойыз жөнелгенге дейінгі 10 минутқа дейін қолжетімді болады.

Еске салайық, бұған дейін жолаушы көп жүретін бағыттарға қосымша төрт Тальго пойызы шығарылатыны туралы жаздық.