Ұлттық банк базалық мөлшерлемені белгіледі

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені белгіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,00% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т., деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Инфляция 2025 жылдың қорытындысы бойынша 12,3% болып, Ұлттық банктің болжамына сәйкес келді. Инфляцияның қалыптасуына азық-түлік компоненті (13,5%) көп үлес қосты. Оның құрылымында ет пен май бағасының шарықтауы өндіріс шығындарының өсуіне және жоғары экспорттық жеткізілімдерге негізделген. Азық-түлікке жатпайтын инфляция соңғы айларда айырбастау бағамының нығаюына байланысты біршама төмендеді (11,1%), ал реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің әкімшілік шараларға байланысты төмендеуі салдарынан ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны баяулады (12,0% дейін)», делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін  6 наурызда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жариялайды.