Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады

Бүгін, 12:59
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкіметтің 2025 жылға арналған жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің саланы дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылғы Үкімет жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Astana Hub алаңында саланы дамытуға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтуде.

Министр 2025 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша 145 жоба жүзеге асырылып жатқанын, 300-ге жуық нысан үшін жобалау-сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы мен Абай облысындағы Шар су қоймасын реконструкциялау, сонымен қатар Астана қаласының негізгі ауыз су көзі болып саналатын Астана су қоймасын ауқымды тазартудың бірінші кезеңі аяқталды.

«Биыл Қапшағай су қоймасын реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталады. 2024 жылы Ақтөбе су қоймасының реконструкциясы аяқталып, сондай-ақ бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын жаңғырту жұмыстары қайта жалғасын тапты», - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Үкімет 469 мыңнан астам адамды ауыз сумен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Су ресурстары және ирригация министрлігі 469 мыңнан астам адам тұратын 224 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін 13 топтық су құбырын пайдалануға беруге дайындалуда. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет қызметінің жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдағы ауызсу мәселесі жақсартылды. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады. Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде жұмыстар жүргізілді. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі жақсаруда», - деді Нұржан Нұржігітов.

Өткен жылы 6 облыста 8 топтық су құбырын реконструкциялау және салу аяқталғаны, бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекенді сумен жабдықтау жүйесін едәуір жақсартуға мүмкіндік бергені атап өтілді.

Қазақстанда ирригациялық арналарды механикалық тәсілмен тазарту қарқыны жылына 1,5 мың шақырымға дейін артты: Үкіметтің бір жылдағы жұмыс қорытындылары туралы

Соңғы екі жылда Үкімет суару каналдарын механикалық тәсілмен тазарту жұмыстарын жандандырды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Министр 2024 жылға дейін бұл жұмыстар төмен қарқынмен жүргізілсе (2023 жылы – 678 шақырым), ал соңғы екі жылда тазалау көлемі айтарлықтай өсіп, жылына орта есеппен 1,5 мың шақырымды құрағанын (2024 жылы – 1 147,6 шақырым, 2025 жылы – 2 011 шақырым), бұл алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда жұмыс қарқынының бірнеше есе артқанын атап өтті.

Сонымен қатар 2025 жылы жөндеу және реконструкциядан өткен 700 шақырымнан астам ирригация желісін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұған дейін Астанада «Таза Қазақстан» республикалық жобасының 2025 жылғы қорытындысы жарияланғанын жаздық.