ҰБТ ережелері: аудиторияда неге тыйым салынады және неге рұқсат етіледі
Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында талапкерлер аудиторияда белгіленген тәртіпті сақтауы тиіс. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, ереже бұзылған жағдайда тестілеу нәтижесі жойылады. Сонымен қатар кейбір жағдайларда талапкерлерге белгілі әрекеттерді жасауға рұқсат беріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҰБТ-да:
- аудиториядан рұқсатсыз және сүйемелдеусіз шығуға;
- аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;
- сөйлесуге, орын ауыстыруға;
- А4 парақтарымен алмасуға және аудиториядан шығаруға;
- тыйым салынған заттарды қолдануға;
- тестілеу кезінде шулауға;
- тест тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жариялауға;
- тестілеу жүйесіне сырттан араласуға;
- техниканы қасақана бүлдіруге тыйым салынады.
Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі немесе тәртіп сақтау ережесін бұзған тест тапсырушы тестілеуді аяқтай алмайды және нәтижесі жойылады.
ҰБТ барысында
- сұрақ болса, тестілеу администраторын шақырып, сұрауға;
- су ішіп, шоколад жеуге;
- орында отырып жаттығу жасауға;
- Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын сұрауға;
- жұмыс үшін берілген парақтар жетіспесе, қосымша сұрауға рұқсат етіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғанын жаздық. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады.