Референдум-2026

ҰБТ-2026: тестілеуге 233 мыңнан астам талапкер қатысты

Бүгін, 16:17
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ҰБТ-2026: тестілеуге 233 мыңнан астам талапкер қатысты
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Биыл негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтті. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова хабарлады. Биыл ҰБТ-ға өтініш қабылдау сәуір айында жүргізіліп, тестілеуге 233 мың талапкер қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҰБТ-ға қатысқан талапкерлердің шамамен 76%-ы шекті балл жинады. Орташа балл – 69. Қатысушылардың басым бөлігі тестілеуді қазақ тілінде тапсырды – 73%. Орыс тілінде талапкерлердің шамамен 27%-ы, ал 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Биыл да ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика – Физика». Бұл комбинацияны талапкерлердің 18%-ы таңдады. Одан кейін «Биология – Химия» (14%-дан артық) және «Шығармашылық емтихан» (12%) комбинациялары орналасқан», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, соңғы жылдары гранттардың басым бөлігі инженерлік-техникалық бағыттарға бөлініп келеді. 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Шығармашылық емтиханды таңдамаған талапкерлер бес пән бойынша тест тапсырды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жоғары оқу орындары үшін жаңа қабылдау емтиханы әзірленіп жатқаны туралы жаздық.