Референдум-2026

U17 әлем чемпионаты: екі қазақстандық балуан финалда күреседі

Бүгін, 13:13
Думан Аманжол Думан Аманжол
U17 әлем чемпионаты: екі қазақстандық балуан финалда күреседі
Фото: UWW

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас финалға жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан Армения өкілі Арарат Аветисяннан 4:1 есебімен басым түсті. Енді шешуші белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен күш сынасады.

55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі алтын медаль үшін белдеседі. Жартылай финалда грек-рим күресінің шебері Болгария өкілі Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы – Венгрия спортшысы Кеве Ковач болмақ.

Айта кетейік, финалдық белдесулер бүгін, 28 шілдеде өтеді.

Еске салсақ, Қазақстандық үстел теннисшілері халықаралық турнирде екі медальға ие болды.