Референдум-2026

ТЖМ су айдындарында шағын кемелерге бақылауды күшейтті

ТЖМ су айдындарында шағын кемелерге бақылауды күшейтті
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа бақылау-қадағалау өкілеттіктері аясында еліміздің су айдындарында шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, еліміздің барлық өңірінде судағы төтенше оқиғалардың алдын алу, кеме иелерінің жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Рейд барысында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері шағын көлемді кемелердің мемлекеттік тіркеу құжаттарын, оларды басқару құқығын растайтын куәліктерді, құтқару кеудешелерінің болуын және пайдаланылуын, жүзу құралдарының техникалық жай-күйін, сондай-ақ судағы жүзу қағидаларының сақталуын тексереді.

ТЖМ азаматтарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып, бұл талаптардың адам өмірі мен денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратынын еске салды.

Бұған дейін ТЖМ тікұшағы ауыр науқасты шұғыл жеткізу үшін санитариялық рейс орындағанын жазған болатынбыз.