ТЖМ балық аулау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды
Балық аулау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарты. Осыған байланысты азаматтарға су айдындарында демалу кезінде бірқатар сақтық шараларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балық аулауға шығар алдында ауа райы болжамын қарап, қайықтың техникалық жарамдылығын тексеріп, қажетті қауіпсіздік құралдарын дайындау қажет.
Қайықпен суға шыққан кезде құтқару кеудешесін кию міндетті. Сонымен қатар алкогольдік ішімдік ішкен күйде су айдынына баруға және белгіленбеген, қауіпті жерлерде балық аулауға болмайды.
ТЖМ азаматтарға балық аулауға жалғыз бармауды және жақындарына болатын жері мен қайту уақытын алдын ала хабарлауды ұсынады.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алып, демалысты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» бірыңғай жедел қызмет нөміріне хабарласу қажет.
Бұған дейін Қазақстан мен АҚШ төтенше жағдайларға бірлесіп әрекет ету мәселесін талқылағанын жазғанбыз.