ТЖМ авиациясы науқасты Қостанайдан Астанаға шұғыл жеткізді

3 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
ТЖМ авиациясы науқасты Қостанайдан Астанаға шұғыл жеткізді
Фото: видеодан скрин

Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы медициналық көмекке мұқтаж әйелді Қостанайдан Астанаға шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқасты тасымалдауға «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы мен санитариялық авиация дәрігерлері жұмылдырылды.

Ұшу штаттық режимде өтті. Астанаға қонғаннан кейін пациент одан әрі қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекеме мамандарына тапсырылды.

ТЖМ авиациясы медициналық эвакуация кезінде науқастарды еліміздің қажетті медициналық орталықтарына жедел жеткізуге жұмылдырылады.

Бұған дейін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы 1,8 мың зардап шегушіге шұғыл көмек көрсеткенін жазғанбыз.