ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД басшылары Эрмитажды аралаған болатын.