Референдум-2026

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа елшісіне бірқатар міндет жүктеді

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа елшісіне бірқатар міндет жүктеді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы Әбілқайыр Сқақовқа екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, көлік-транзит, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.