Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Құрылыс кодексіне қол қойғанын жазған едік.
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды.