Токио губернаторы Қазақстанды Орталық Азиядағы басты хабқа теңеді

Токио губернаторы Қазақстанды Орталық Азиядағы басты хабқа теңеді
Фото: Ақорда

Токио губернаторы Мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Сіздің көшбасшылығыңызды, сондай-ақ экономикалық өсім, жасанды интеллект, цифрландыру және инвестиция тарту бағыттарын дамытуды көздейтін іргелі реформаларыңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан өңірдегі экономикасы ірі, ресурсы мол ел ретінде Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб рөлін нығайтып келеді, – деді Юрико Коикэ.

Президент пен губернатор цифрлық технология, инновация, халықаралық қаржы және білім беру секілді негізгі салаларда серіктестік орнату мүмкіндігін қарастырды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсанда Токио губернаторы Жапонияға іссапармен барғанда Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алған болатын.