Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бұған дейін ұлттық құрама тоғызыншы сатыда тұрған еді. Соңғы жаңартылған тізімде Қазақстан жетінші орынға көтеріліп, үздік бестікке біртабан жақындай түсті.

Бұл оң өзгеріс Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Канада құрамасын жеңудің нәтижесінде мүмкін болды. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Осы жеңіс қазақстандық теннисшілерге 2026 жылдың күзінде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.
Италия – әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Екінші орынды Ұлыбритания сақтап қалса, үздік үштікті Украина түйіндеді.
Еске сала кетейік, көркем гимнастикадан Ташкентте өткен әлем кубогында қазақстандық спортшылар топтық жаттығудан күміс жүлдеге ие болды.