Таза Қазақстан: Еліміздегі заңсыз қоқыс орындарының саны екі еседен астам азайды

Бүгін, 13:23
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Таза Қазақстан: Еліміздегі заңсыз қоқыс орындарының саны екі еседен астам азайды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ерболат Қожықовтың айтуынша, заңсыз қоқыс полигондары санының тұрақты түрде азаюына қол жеткізілген. 2020 жылы 66% жойылу деңгейімен 8 мыңнан астам қоқыс полигоны анықталса, онда 2025 жылы анықталған қоқыс полигондарының саны 3 828-ге дейін азайды, ал жою деңгейі 97%-ға жетті.

«Бақылау тиімділігін арттыру үшін министрлік Ұлттық компаниямен бірлесіп, ғарыштық мониторингтің қамту аймағын үнемі кеңейтіп келеді. 2018 жылы мониторинг 16 елді мекенді қамтыса, 2024 жылға қарай қамтылған аумақтар саны 46-ға дейін артты. Бақылау аймағына республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, ірі елді мекендер және Баянауыл мен Бурабай ұлттық парктерін қоса алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кіреді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Еске сала кетейік, Президент Үкіметке, әкімдерге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы конституциялық міндет екенін айтты.