Референдум-2026

«Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам жас қазақстандық қатысты

«Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам жас қазақстандық қатысты
Фото: ortcom.kz

Жастардың азаматтық белсенділігі Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға қатысуы арқылы көрініс табады. Бүгінде елімізде жүздеген жастар ұйымы мен 300 мыңнан астам волонтер жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясындаМәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Жастардың белсенділігін әсіресе «Таза Қазақстан» бастамасынан айқын көруге болады. Мұнда патриотизм құр сөзбен емес, өз ауласына, көшесіне, қаласы мен еліне деген нақты жауапкершілікпен көрініс табады», – деді Евгений Кочетов.

Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» аясында 7 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оған 1 миллионнан астам жас қазақстандық қатысты.
Бұл жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – білімді, еңбекқор, заңға бағынатын және қоғамға бейжай қарамайтын азаматтың бейнесін қалыптастыратын «Адал азамат» идеологиясын ілгерілету. Осы бағыт аясында 4 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

«Бұл жерде принципті тұрғыдан маңызды бір жайтты атап өткім келеді. Жастар саясатының тиімділігі өткізілген іс-шаралардың санымен емес, атқарылған жұмыстың сапасымен және оның түпкі нәтижесімен өлшенеді: жас адам білім алды ма, жұмысқа орналаса алды ма, қажетті көмекке қол жеткізді ме және оның пікірі ескерілді ме», – деп қорытындылады спикер.