Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастармен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту және ел бірлігін нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі талқыланды.
Сондай-ақ жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен ашық диалогты дамыту мәселелері сөз болды.
Жиын соңында қатысушылар өз ұсынысын ортаға салып, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарына тоқталды.