Ташкентте Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
14 қараша, 2025
akorda.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
21 наурыз, 2026
Қазақстан Президентінің атына Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келді
21 наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыс болып жатқан елдерге үндеу жасады
19 наурыз, 2026
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады
18 наурыз, 2026
Президент «Қазатомөнеркәсіп» АҚ төрағасына бірқатар тапсырма берді