Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі
1 тамыздан бастап жолаушылардың ыңғайлылығы үшін Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz CTS-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір реттік жол жүру – 200 тг.
Мерзімдік тарифтер:
• 1 күн - 500 тг;
• 3 күн - 1 500 тг;
• 5 күн - 2 500 тг;
• 10 күн - 4 000 тг;
• 15 күн - 5 000 тг;
• 1 ай - 7 500 тг;
• 3 ай - 20 000 тг.
Белгіленген сапарлар саны бар тарифтер:
• 5 сапар - 900 тг;
• 10 сапар - 1 800 тг;
• 20 сапар - 3 500 тг;
• 30 сапар - 5 000 тг.
Айлық жол жүру тарифтері:
• Ағымдағы айдың 15-не дейін (қоса алғанда) сатып алынған жағдайда тариф ағымдағы айдың соңына дейін жарамды.
• Ағымдағы айдың 15-нен кейін сатып алынған жағдайда тарифтің қолданылуы келесі айдың 1-нен басталады.
• Тариф сатып алынған күнтізбелік ай ішінде, яғни айдың 1-нен 30/31 күніне дейін жарамды.
Күндік жол жүру және белгіленген сапарлары бар тарифтер:
• Алғашқы валидация сәтінен бастап іске қосылады және іске қосылған сәттен бастап күнтізбелік күннің аяқталуына дейін (00:00) әрекет етеді немесе сатып алынған сапарлар саны толық пайдаланылғанға дейін жарамды.
Тарифтерді Tarlan Astana стансаларындағы кассалардан сатып алуға болады. Тариф Tarlan Astana көлік карталарына жүктеледі.
Көлік картасының теңгерімін Tarlan Astana стансаларындағы кассада немесе терминалда тексеруге болады.
Көлік картасы жоғалған жағдайда белсендірілген (қолданыстағы) тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа көлік картасына ауыстырылмайды.
Тарифтер тек Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде қолданылады. Сондай-ақ Астана қаласындағы автобус желісімен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.
Еске салайық, бұған дейін Астана мәслихаты LRT-ға «Тарлан Астана» атауын беруді қолдағаны туралы жаздық.