Тарихи оқиға: Астана Орталық Азиядағы алғашқы болып Resilience Hub мәртебесін алды

Бүгін, 09:54
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тарихи оқиға: Астана Орталық Азиядағы алғашқы болып Resilience Hub мәртебесін алды
Фото: Оңалхан Өнерхан

БҰҰ Бас хатшысының өкілі Камал Кишоре елордаға MCR2030 сертификатын ресми түрде табыстады. Бұл туралы Астана қаласының Урбанистика орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сонымен қатар іс-шараға БҰҰ басшылығынан Наталья Алонсо Кано мен Сухроб Ходжиматов қатысты.

Қала тарапынан іс-шарада әкім орынбасары Ерік Мейірханов пен Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен болды.

«Әлем бойынша Resilience Hub мәртебесін алған бар-жоғы 42 ғана қала бар, ал бүгін Астанамыз сол тізімге енді.

Бұл жоғары мәртебе Астананың халықаралық стандарттарға сай, қауіпсіз әрі қолайлы қала екенін дәлелдейді.

Енді елордамыз өңірдегі өзге қалалар үшін озық тәжірибе орталығына айналып, халықаралық ынтымақтастықты нығайта түспек. Ал шараның Greenline желекжолында өтуі – заманауи қоғамдық кеңістіктердің қала дамуындағы маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Астана – тұрақты дамудың жаңа белесінде!» - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елорданың Кенесары көшесі жаңарып, жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылады.