Табиғат Зейнұлқабден: Республика күні - Тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің символы
25 қазан, 2025
Фото: Табиғат Зейнұлқабденнің парақшасынан
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Instagram парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің, ел дамуы мен өркендеуінің символы.
Астана – еліміздің жүрегі, жаңару мен жасампаздықтың айғағы. Қала тұрғындарының еңбегі мен бірлігі арқасында бас қаламыз күн санап көркейіп келеді.
Осы мереке баршамызға қуаныш, Отанға деген мақтаныш пен сенім сыйласын!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, татулық пен мол табыс тілеймін!
Мерекелеріңізбен!
Республика күні құтты болсын!», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
26 маусым, 2026
Ұлттық банк алаяқтық айланың жаңа түрі шыққанын ескертті
25 маусым, 2026
БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында баспасөз хатшыларына арналған медиафорум өтті
23 маусым, 2026
Бет-жүзді жасыру айыппұлға әкелуі мүмкін - ІІМ
23 маусым, 2026
Ел дамуы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты - Қошанов мемлекеттік қызметшілерді құттықтады