Шымкентте ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды – ВИДЕО
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Анықталғандай, 2025 жылғы қыркүйек айында азамат ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген.
«Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.
Еске сала кетейік, Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, мүлкін тартып алмақ болғандар ұсталды.