Суды есептеу құралдарына қойылатын талаптар бекітілді

Суды есептеу құралдарына қойылатын талаптар бекітілді
Фото: freepik.com

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есептегіш құралдарын және жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидалары өзгертілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Тиісті түзету министрдің бұйрығымен бекітілді.

Енгізілген толықтыруда мыналар қамтылған:

- деректерді қашықтан жинау және беру ұғымы айқындалады;

- энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу;

- есепке алу құралдарын жұмыс істеу қағидатына және деректерді беру тәсіліне қарай жіктеу (NB-IoT, LoRaWAN);

- есепке алу құралдарын монтаждау, пайдалану және кепілдік мерзіміне қойылатын талаптар.

Жаңартылған қағидалар ақпараттық-өлшеу жүйелеріне және энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелеріне деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар NB-IoT желісінің басымдығын ескере отырып, есептегіш құралдарды пайдалану көзделген. Бұл ретте LoRaWAN технологиясын қолданатын бұрын орнатылған құралдар олардың қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылады.

Еске салсақ, елімізде бассейндік су инспекцияларының штаты екі есе артты.