Спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 13:38
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін әлем кубогы кезеңінен бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы алғашқы әлем кубогының кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді.

Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:

- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар);

- Милад Карими (керме, еркін жаттығулар);

- Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар);

- Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар);

- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар).

Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.

Бұған дейін, Астанада шахматтан Senat Open турнирінің іріктеу сайыстары өтетінін жаздық.