Бектенов Үкімет мүшелерінен сөзден іске көшуді талап етті

6 қаңтар, 2026
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Бектенов Үкімет мүшелерінен сөзден іске көшуді талап етті
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты Үкімет жұмысының басым бағыттарын айқындап бергенін атап өтті. Үкімет отырысында Премьер-министр орынбасарларына барлық тапсырмалардың орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

- Президенттің бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта біздің алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс істеуі керек. 
Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Біз бұл мәселені шешеміз, - деп атап өтті Олжас Бектенов.