СҚО-да балықтар қырылмауы үшін көлдерді аэрациялау жүргізіліп жатыр
Өңірдегі су айдындарында мұз қабаты мен қар жамылғысының қалыңдауыына байланысты судағы оттегінің қажетті деңгейін ұстап тұруға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері Қызылжар ауданындағы Желяково көліне зерттеу жүргізді, өйткені онда балықтардың қырылу қаупі анықталған болатын. Бұл су қоймасы резервке жататындықтан жалға берілмейді. Су тасыған кезде көл Есіл өзенімен қосылып кетеді. .
Зерттеу нәтижесі судағы еріген оттегінің жетіспеушілігін көрсетті, судағы биологиялық ресурстардың қырылу қаупі жоғары екендігі анықталды. Оның алдын-алу үшін балықтарды аулап, содан кейін Есіл өзеніне көшіру туралы шешім қабылданды.
«Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 400-ден астам балық, соның ішінде шортан, торта, аққайраң шабақтары құтқарылды», - делінген хабарламада.
Қысқы-көктемгі кезде судағы биологиялық ресурстардң жаппай қырылуына жол бермеуге бағытталған жоспарлы су айдындарын мониторингілеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық,бұдан бұрын Есіл өзенінде қысқы аэрация жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы жаздық.